Балқашта жыл басынан бері 60-қа жуық тұрғын инфаркт алған. Медициналық статистикаға сүйенсек, шаһарда жүрек қан-тамыр жүйесі ауруына шалдыққандар қатары көбейген.
Қазіргі таңда жастар арасында жүрек ауруы дендеп барады. Жүрек қан тамырлары ауруларының көбеюіне, алкогольді ішімдіктер, темекі, фаст-фуд тағамдарын шамадан тыс қолдану себеп. Бұрын миокард инфарктісі 50-ден асқан адамдарда кездессе, биыл 25-26 жастағы жастарда бұл ауруға шалдыққан.
Гүлназ Медиянова кардиолог дәрігер: «Көбінесе жастар асқазандарына шағымданып, гастрит пайда болды деп ойлайды. Ал тексеріс кезінде олардан жүрек аурулары анықталады. Сол себептен біз барлық науқастарымызға міндетті түрде жылына 1 рет медициналық тексеруден өтуді кеңес береміз»
Қазіргі таңда Балқашта 10 мыңнан аса адам жүрек қан тамырлары ауруымен есепте тұр. Оның 500 биыл тіркелген. Ал 60-адам осы жылы инфаркт алып, 14 көз жұмған. Аурудың алдын алып, асқындырмас үшін дәрігерлер жылына кем дегенде бір рет кардиолог маманға қаралуға кеңес береді.
Жүрек ауруын анықтауда арнайы құрылғылардың маңызы зор. Мына аппарат «Холтер ЭКГ» деп аталады. Оның көмегімен жүрек қызметінің бұзылуы, ишемиялық сырқат секілді дерттерді ерте анықтауға болады. Ал мына аппарат медициналық «тредмил»тесті. Бұл арнайы жүгіріс жолы. Онда жүрек жұмысына уақытша күш түсіру арқылы зерттеулер жүргізіледі.
Татьяна Демьянова №2 қалалық емхана медбикесі: «Біз алдымен науқастардың қан қысымын тексереміз. Одан кейін оларға электрод кигіземіз. Науқас «тредмил» аппаратына мінгеннен кейін, ол жүру керек. Сол кезде біз ишемиялық сырқатты, жүрек соғысын анықтай аламыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login