1-ші қазанға дейін балқаштықтар мүлік пен жер салығын төлеу керек

Мүлік пен жер салығын төлеу үшін 1 аптадан аз уақыт қалды. 1-ші қазанға дейін мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылғы төлемді қабылдайды. Бұдан бөлек бұрынғы қарыздарды да өтеуге болады. Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың айтуынша, биыл салық жүйесі банктік төлем жүйесімен біріктірілген. Ендігі кезекте салық төлеушілер банктің мобильді қосымшасынан жер, мүлік және көлік салығы бойынша қарыз сомасын көре алады. Тіпті ешқайда бармай ақ қосымшаның көмегімен төлем аударуға мүмкіндік пайда болды. С

Мобильді қосымша арқылы мүлікке, жерге және көлікке салық төлеу үшін төлемдер бөліміндегі «айыппұлдар мен бюджетке төленетін төлемдер» пунктін таңдау керек. Содан  кейін өзіңізге қажетті салық түрін таңдап, мүлік иесінің жеке сәйкестендіру номерін енгізу қажет. Ал экранда қанша қаржы төлеу керектігі туралы ақпарат пайда болады. Берешегіңізді қосымшаның көмегімен төлейсіз.

Айыппұл көлемін үй иесінің жеке сәйкестендіру номерін енгізу арқылы салық комитетінің сайтынан білуге болады. Балқаштықтар берешектерін банктер, терминалдар, пошта бөлімшелері мен мобильді қосымша арқылы төлей алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login