Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 651-ші шақырымында болды. Балқаштан 15 шақырым жерде, Қарағанды бағытында жолаушылар автобусы мен «Тойота» маркалы автокөлік қақтығысады. Соққы салдарынан жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Марқұм Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ал жолаушылар автобусы болса Ресейден келе жатқан. Салондағы 40-қа жуық жолаушының барлығы дін аман, ешкім зардап шекпеді.
Қуат Хайдаров — Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі: «Анықталғандай, халықаралық маңызы бар автобус Ресейден Өзбекстанға сол елдің азаматтарын алып келе жатқан. Жолаушылар автобусы 13-ші өңір Түркістан облысынынан. Салонында 37 адам болған, жол апатынан ешбірі зардап шекпеді»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login