Балқаш маңында жолаушылар автобусы мен «Тойота» автокөлігі соқтығысты. Оқиға түскі 12-де Алматы-Екатеринбург тас жолының 651-ші шақырымында болды. Балқаштан 15 шақырым жерде, Қарағанды бағытында жолаушылар автобусы мен «Тайота» маркалы автокөлік қақтығысады. Соққы салдарынан жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Марқұм Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ал жолаушылар автобусы болса Ресейден келе жатқан. Салондағы 40-қа жуық жолаушының барлығы дін аман, ешкім зардап шекпеді
Балқашта бейнебақылау камералары арқылы 40-тан астам қылмыс ашылды. Қазіргі уақытта қала бойынша 238 бақылау камерасы орнатылған. Қалалық бейнебақылау жүйесі халық көп жиналатын орындарға алаңдар мен, вокзал аумағына, стадион, базар, сондай-ақ маңызды мемлекеттік ғимараттар маңына қойылған. 238 бақылау камерасының 95-і аулаларға орнатылған. Ондағы бейнежазбаны тәртіп сақшылары мен тұрғындар онлайн режимде көріп отырады. Осы мүмкіндіктің арқасында жыл басынан бері 41 қылмыстың беті ашылған. 3918 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. оның 3 мыңнан астамы жол ережесін бұзуға қатысты. Сондай-ақ, шаһардың 7 ауласында «Қауіпсіз аула» жобасының камералары бар
Балқашта «Бастау» жобасы бойынша екінші кезеңге қатысушылардың тіркеу басталды. Бұл жолы 120 адамды қамту жоспарланып отыр. Бизнестің қыр-сырын үйренгіңіз келсе жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш қалдыру қажет. Оқу 8 қазан күні басталады. Ұзақтығы 1 ай. Осы уақыт аралығында қатысушылар кәсіпті бастауды, жүргізуді және бизнес жоспар құруды үйренеді. Тек оқып қана қоймай, 17 мың тг жуық шәкіртақы алады. Өтініштер көпбалалы аналардан, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан, жұмыссыздардан және өзі өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардан қабылданады. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Сол бойынша мемлекеттен кәсіп ашуға грант немесе жеңілдетілген несие алуға болады
Алматы сахнасынан бас жүлдемен оралды. Өнер мектебінің өнерлі тәрбиеленушісі Салтанат Кеңес республикалық дәстүрлі ән байқауында үздік атанды. Киелі домбырамен 2 ән шырқаған Салтанат 20 қатысушының арасынан суырылып алға шықты. Алматыда өткен республикалық конкурсқа 100 өнерпаз қатысқан. Олар хореография, эстрада, халықтық вокал, және ұлттық аспаптарда ойнау арқылы сынға түсті. 13 жасар Салтанат Кеңес домбырамен «Ақ қайың» және «Екі жирен» әндерін орындайды. Осылайша өз номинациясындағы 20 қарсыласының ішінен тыңдарман қауымның талабы мен талғамынан шығып, бас жүлдеге қол жеткізді
Балқаштық футболшылар өңірде үздік атанды. 10-11 жастағы балалардан құралған «ДЮСК Металлург» құрамасы шағын футболдан өткен облыс біріншілігінің кубогын иеленді. Ал команда ойыншысы «Үздік шабуылшы» номинациясын жеңіп алды. Жарыс Қарағанды қаласында өтті. 3 ай бойы өңірден жиналған командалар барын салып, үздік шығуға тырысты. Біздің футболшылар айналмалы жүйе бойынша 14 матч өткізді. оның 12 ұтыспен аяқталған. Нәтижесінде ұпай бойынша жеңіске жетіп, кубокқа қол жетізді. Оған қоса рамазан Көкен «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login