Балқаштықтардың көмегімен қала көшелері мен саябақтары тазартылды. Қала сыртына 50 тонна қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 14 мыңға жуық тұрғын қатысты.
33 жастағы қала тұрғыны Атайбек Сергебаев сенбілікке достарын ерте шыққан. Қаланың тазалығына бей жай қарамайтын азаматтар орталық саябақта шашылып жатқан қоқысты жинастырды. Кейіпкеріміз мұндай акцияларға жиі қатысады екен.
Атайбек Сергебаев қала тұрғыны: «Шыны керек саябақ лас болып кетті. Қала тұрғындарына бұл жерде демалу жайлы болу үшін сенбілікке шығып, қаламызды тазартуға ат салысып жатырмыз. Қаламыздың таза болуы өз қолымызда деп ойлаймын. Сол себептен халықтан қоқысты жерге тастамауларын сұраймын»
Сенбілікте әр мекеме өзіне берілген аумақты тазалауға шықты. Мемлекеттік қызметкерлерден бастап, жеке ұйымдардың жұмыскерлері және коммуналшылар бірігіп қала көшелерін, саябақтарды, жағалауды қоқыстан тазартты. Енді алда облыстық сенбілік күтіп тұр.
Айрат Қарамурзин — ТКШ бөлімі жетекшісі: «21 қыркүйек күні жалпы облыстық сенбілік өтеді. Осыған орай сенбілікке қаламыздың барлық мекемелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қала тұрғындарын 7 қазанға дейін сенбілікке қатысуға шақырамын. Барлығымыз бірге қаламыздың көркеюіне белсенді ат салысайық»
Шара барысында 745 шаршы метрді құрайтын аумақ тазартылып, 50 тонна қалдық қала сыртына шығарылды. Сонымен қатар қараусыз жатқан 17 қоқыс үйіндісі жойылып, жаңадан 22 қоқыс контейнері орнатылды. Қурап өсімін тоқтатқан 126 тал кесілді. Сенбілікке 30-ға жуық техника жұмылдырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login