Енді төлемді отбасы мүшелерінің өгеруіне немесе табыс мөлшерінің өзгеруіне байланысты қайта есептейтін болады. Атаулы көмекті алдағы уақытта кедейшілік деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, жұмыс ұсынылып бірақ бас тартқан еңбекке жарамды азаматтар, көмек алу үшін жалған ақпарат берген тұрғындар ала алмауы мүмкін. Одан өзге әлеуметтік көмек соммасы отбасы мүшесінде өзгеріс немесе табыс мөлшерінің өзгеруіне байланысты қайта есептелетін болады. Өзгеріс жайлы ақпаратты көмекті алып отырған азамат жұмыспен қамту орталық қызметкеріне 10 күн ішінде хабарлауы тиіс. Әр үш ай сайын мамандар мониторинг жүргізіп отырады. Егер көмек алушы тарапынан жалған ақпарат берілгені анықталса, төленген ақша кері қайтарылады. Балқаш бойынша осындай бірнеше факт анықталған. азаматтардың басым бөлігі алған ақшаны дер кезінде қайтарған. Ал, кейбір тұрғындардың құжаттары соттың қарауына берілуге дайындалуда. Одан бөлек, уақытша мекен-жайға тіркелген азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жарты жылдан кейін ғана өтініш бере алады. Бүгінде атаулы көмекті 200 ге жуық балқаштық отбасы алып отыр.
Сымбат Бакирова – халықты жұмыспен қамту орталығының маманы: «Өтініш берушілер уақытша мекенжайында 6 ай тұрған жағдайда ғана өтініш бере алады. Бұл өзгерістер өз күшіне енді.Өтініш берушілер жұмыспен қамту орталығына жолықса болады.
Мына жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды:
— кедейшілік деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар;
— жұмыс ұсынылып бірақ бас тартқан еңбекке жарамды азаматтар;
— көмек алу үшін жалған ақпарат берген тұрғындар
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login