Мемлекет қолдауына ие болып өз кәсібіңді аш. Қалалық жұмыспен қамту орталығы шағын кредит алуға өтініш қабылдау жүргізуде. Несие «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жұмыссыздар мен кәсіпкерлерге беріледі. Тек Балқаштықтар ғана емес Гүлшат, Саяқ кентінің тұрғындары да бағдарламаға қатыса алады. Енді несиенің шартына тоқталсақ. Шағын кредиттің жылдық мөлшерлемесі-6 пайыз. Саяқтықтар мен гүлшаттықтарға 6 млн теңгеге дейін 6 жылға беріледі. Ал балқаштықтар 16 млн теңге дейін несие рәсімдей алады. Ауылдықтар қаржыға ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы қол жеткізеді. Ал қалалықтар үшін несие беру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады. Ең басты талап кепілзат болуы тиіс. Биыл кәсіп ашуға немесе дамытуға 12 адамға шағын кредит беру көзделген.
Сымбат Бакирова-Жұмыспен қамту орталығының маманы
«Ниет білдіргендер жұмыспен қамту орталығына жеке бас куәлігімен және мекен жай анықтамасымен келу керек. Барлық сұрақтар бойынша Уалиханов 5, 12 кабинеттен біле аласыздар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login