1. Балқашта көл жағалауына тротуар қайта салынуда. Мамандар күн жылынған кезде жібіген жермен бірге төмен түсіп кеткен брусчаткаларды қайта қалпына келтіруде. Қазіргі таңда мамандар 6 мың шаршы метр жердің 4 мыңына бурсчатканы қайта төседі. Жұмыстар жоспар бойынша 1 мамырға дейін аяқталуы тиіс
2. Қалалық маслихат депутаттары қала тұрғындарымен кездеседі. Халық қалаулылары тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, қалада атқарылған істер жайында сөз қозғайды.Қалалық мәслихат құрамындағы депутаттары балқаштықтарды 11 округ бойынша қабылдайды. Кездесу 8 білім ордасында, атап айтқанда 1,9,10 және 25, 4, 16, 17 мектеп пен гимназияда және 15 мектеп лицейінде, сондай-ақ, Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінде өтеді. Кездесу 18 сәуір күні сағат 17:00-де
3. 18 сәуір түгел әлем халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл дата мәдени мұраны сақтап қалу мақсатымен 1984 жылы бекітілген. Осы күнге орай бүгін мұражай қызметкерлері студенттерді Балқаштағы ескерткіштердің тарихымен таныстырды. Қызықты экскурссияда біздің түсірілім тобыда болып қайтты.
4. Өткен аптадан бастап қаламызда 2 айға созылатын сенбілік жұмыстары басталды. Мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары жаппай қолына қалақ пен сыпырғыш алып саябақтар мен ашық алаңқайларды, білім ордаларының маңын қыстан қалған қоқыстан тазартты. Ал шаһарда тағы қандай лас жерлер бар? Тағы қай аймақты қалдықтан арылту керек? Бұл сұраққа қала тұрғындары жауап берді
5. Қазақстандықтар 10 күн бойы аққан жұлдыздарды тамашалай алады. Көктемгі ең әдемі жұлдыз ағынын 16 –нан 25 сәуірге дейінгі аралықта көруге мүмкіндік бар. Егер ауа-райы қолайлы болса аспан әлеміндегі тылсым құбылысты оптикалық құрылғылардың көмегінсіз де тамашалауға болады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login