1.Балқаштық мотоциклден құлап, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Жолдағы қайғылы жағдай кешкі жеті жарымда Бөкейханов көшесінде болды. Куәгерлердің сөзінше жүргізуші жол шетінде үйіліп тұрған құмға соғылып, рөлге ие бола алмай қалған. Содан көлігімен қоса құлап, жарақат алды. Қазір 32 жастағы азамат жансақтау бөлімінде, ауыр хәлде жатыр. Қазір полицейлер жол апатының нақты себебін анықтауда
2.Балқашта белгісіз біреулер көл жағалауындағы жарық шамдарын сындырып кетті. Оны бірінші болып таңертең серуендеуге шыққан қала тұрғындары көрген. Бұзақылар бір емес 3 шамның күл талқанын шығарған. Қазір бұл іске полиция қызметкерлері араласуда
3. «Балқаш Универсал» мекемесінің талдарды заңсыз кескені анықталды. КСК қызметкерлері Бөкейханов көшесі 31 үйдің жанында өсіп тұрған ағаштарды әкімшіліктің рұқсатынсыз қысқартып, жасарту жұмыстарын жүргізген. Ал заңға сәйкес 1 сәуірден бастап жасыл-желекті қиюға рұқсат етілмейді. Енді бұл әрекеттері үшін Балқаш Универсал мекемесіне қандай жаза қолданылады. Ол жайында келесі сюжетте.
4. Балқашта Көкшетау техникалық институтына түсуге құжат қабылдау басталды. Ниет білдіруішер «өрт қауіпсіздігі» және «төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары бойынша 4 жыл білім алады. Оқуға 9-11 сынып түлектері және колледж студенттері қабылданады. Онда курсанттар мемелекет есебінен тегін оқиды. Әрі оқу аяқталғанша киім-кешекпен, 3 мезгіл аспен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі
5. Балқаштық полицейлер көше ортасында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді. Қаламызда 5 және 6 сәуір күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. Балқаштықтар Ішкі істер бөлімінің бөлімше басшыларымен тілдесіп, тікелей сұрақ қоя алады. Тұрғындарды қабылдау Желтоқсан көшесінің бойында «Мен Балқашты сүйемін» нысанының жанында жүргізіледі. Шара таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін созылады
6. Қала күніне орай ұйымдастырған «Балқаш тарихы» айдарымызды жалғастырамыз. 40 жылдан аса ұстаздық еткен Қабыл Байдағұловпен тілдесіп қайттық. 85 жастағы қария сұрапыл соғыстың кезінде қалай мектепке барғанын, ол уақытта қандай қиыншылықтар болғанын баяндады. Әрі өзі мұғалім болып қызмет еткен жылдардағы білім жүйесіне тоқталды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login