Қалалық ауруханаға 14 маман жетіспейді. 2018 жылы қаламызға сырттан 25 медик келген. Оның 17-сі жас маман. Алайда, бұл да аздық етіп отыр. Қазіргі таңда ауруханаға 4 анестезиолог маман мен 2 инфекционист қажет. Сондай-ақ акушер–гинеколог та жеткіліксіз. Қазір 7 дәрігер жұмыс істеп жатқанымен тағы 4 акушер гинекологтың орны бос. Одан бөлек 2 терапевт, 1 педиатр мен жүрек дәрігері жетіспейді. Одан бөлек тағы 23 медик сұраныста. Дәрігер тапшылығын жою үшін аурухана өз қаражаты есебінен жас мамандарды оқытуды қолға алған. Қазіргі таңда 5 студент анестезиолог-реаниматолог,акушер-гинеколог, нейрохирург пен рентгенолог мамандығын меңгеріп жатыр. Олар 2020-2021 жылы оқуларын тәмамдап, Балқашқа келеді.
Балқаштық депутаттар мектеп асханасы туралы сөз қозғады. Қалалық әкімшілікте қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, оқушылардың дұрыс тамақтануына қатысты біраз мәселе көтерілді.
Балқашта барлық мектептерде «жас сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды. Соған орай оқушылар сарайында қалалық форум өтті. Оған құрметті қонақ ретінде ауған соғысының ардагерлері шақырылды. «Жас сарбаз» клубы Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша құрылды. Бұл жайында Президент өз жолдауында айтқан болатын. Клубтың құрамына 5 пен 10 сынып оқушылары қабылданған. Олар мектеп қабырғасында жүріп, әскери дағдыларды үйреніп, жауынгерлік өмірге бейімделеді.
Қазақстанда Болашақ бағдарламасына өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлайды. Құжаттарды өткізу 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізіледі. Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары және egov.kz сайты арқылы онлайн тапсыруға болады.Ал, негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Осы жылы стипендия 70 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Университеттер тізімі www.bolashak.gov.kz ресми сайтында жарияланған.
Қарағандыда мектептер арасында ұйымдастырылған турнирге №7 мектеп гимназиясының 8 оқушысы барған. Жерлестеріміз 11 команданың барлығын жеңіп, финалға дейін жеткен. Шешуші кезеңде уақыт бойынша ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ бірде бір ойыншыдан жеңілмей 9 ұпайдың 9-ын алған балқаштық 2 ойыншы Саят Рысмағанбет және Аружан Сағынтаева республикалық жарысқа жолдама алып қайтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login