Бектау-Ата тумасы, Қоңырат кентінің тұрғыны, Руы – Әлтеке-Дос, асқар таудай әке-ата Шолақов Жолдаспайдың өмірден өткеніне 13 жыл болды.
Руы – Әлтеке-Дос, аяулы әке-бауыр, Шолақов Серікбол Жолдаспайұлының өмірден өткеніне 20 жыл болды.
Жолдаспай келіні, Руы – Әлтеке-Әтембет, аяулы ана Яхина Марал Ғалымжанқызының өмірден өткеніне 7 жыл болды.
Марқұмдардың аруақтарына құран бағыштап, 17 ақпан күні сағат 12.00-ден бастап «АҚЕРКЕ» дәмханасының кіші залында ас беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, жора-жолдастарға, еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Ас берушілер: анамыз – Нескей, Шолақов әулетінің ұрпақтары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login