Балқаштық тұрғын интернет арқылы тауарға тапсырыс беріп, 100 мың теңге ақшасынан айырылды. Ер адам көлігіне қозғалтқыш сатып алмақ болған. Содан сайттардың біріне кіріп, керек затына тапсырыс береді. Сатушының телефонына хабарласып, оның киви әмиянына 103 мың теңге салған. Уәде бойынша ол тауарын 28 қаңтар күні алуы тиіс еді. Алайда, сол күні қозғалтқыш тұрмақ, сатушыны да таба алмай қалады.
Былтыр 150-ден астам балқаштықтан қатерлі ісік анықталған. Оның басым көпшілігі міндетті скринингтік тексеріс кезінде белгілі болды. Есепке алынған науқастардың жасы 30 бен 80 жас аралығында. Обыр дертіне шалдыққандардың ішінде өкпе қатерлі ісігі көш бастап тұр. 30 адам. Ал 27 тұрғын тері рагына шалдыққан. Сонымен бірге, 17 әйелден сүт безі қатерлі ісігі табылған. Тағы 25 балқаштық асқазан, тік және тоқ ішек рагы диагнозымен есепке алынды.
7 ақпан күні Астана және Қарағанды әлемдегі ең суық аймақтың үздік ондығына енді. Ал алдыңғы үштікте Канаданың Шеперд шығанағы мен Ки-Лейк қаласы және Ресейдің Сургут қаласы. Қарағанды -38 градус температурамен Астанадан да асып түсіп, 7-ші орынға тұрақтады. Елордамыз 11 орында. Бас қалада ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендеген. Қақаған аяз Балқашты да айналып өтпеді. Бүгін екінші күн мектеп оқушыларына сабақ болған жоқ. Термометр бағаны түнде 30 градус суықты көрсетсе, күндіз -21. Синоптиктер демалыс күндері күн аздап жылынады деп отыр.
Балқашта болашақ аспазшылар өзара сайысқа түсті. Сұранысқа ие мамандықты меңгеріп жатқан студенттер ыстық тағам, салат, сорпа әзірлеп, жеңімпаз атануға барларын салды. Себебі тамақты ең дәмді пісіретін қатысушы WorldSkills халықаралық жобасына қатысуға мүмкіндік алады.
Балқаштық әнші халықаралық фестивальде үздіктердің қатарынан көрінді. Еркежан Жасмбек гран-при иегері атанып, Дубайда өтетін музыкалық конкурста Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Халықаралық фестиваль алматы қаласында өткен. Онда еліміздің әр өңірінен 100 ден аса өнерпаз жиналыпты. Кеште биішлер, аспапта ойнайтын музыканттар, вокалшылар және мәнерлеп өлең оқушылар бақ сынаған.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login