Екі Балқаштық тұрғын алаяқтардың құрбаны болды

Алаяқтардың құрбаны болды. Балқаштық тұрғын интернет арқылы тауарға тапсырыс беріп, 100 мың теңге ақшасынан айырылды. Ер адам көлігіне қозғалтқыш сатып алмақ болған. Содан сайттардың біріне кіріп, керек затына тапсырыс береді. Сатушының телефонына хабарласып, оның  киви әмиянына 103 мың теңге салған. Уәде бойынша ол тауарын 28 қаңтар күні алуы  тиіс еді. Алайда, сол күні қозғалтқыш тұрмақ, сатушыны да таба алмай қалады. Хабарласқан нөмір сөндірулі болған. Содан тұрғын көмек сұрап, ІІБ жүгініпті. Полицейлер болса осылайша алаяқтардың арбауына түсетін балқаштықтардың көп екенін айтады. Мысалы былтыр 19 факт тіркелген. Зардап шегушілердің барлығы интернет арқылы түрлі заттарға тапсырыс беріп, кейін сан соғып қалған. Бір өкініштісі мұндай қылмыстық істердің осы күнге дейін  бірде бірі ашылмаған.

Мақсат Махметов-ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы: «Бұл қылмыстарды ашу өте қиын. Себебі алаяқтар сим картаны бірақ рет қолданып лақтырып жібереді. Сондықтанда бірінші тауарды алып алып,  содан кейін ақшасын аударуды сұраймыз.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login