Жұбайына пышақ тығып алған балқаштық келіншектің бас ботандығына 3 жарым жылға шектеу қойылды. Ол күйеуі ұялы телефонын тексертпегеніктен оған суық қару ала жүгірген. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің былтыр желтоқсан айында болді. Әйелі күйеуінің қалта телефонындағы жазбаларды тексермек болады. Сол кезде жолдасы үстінен түсіп, оған қол көтереді. Ерегескен әйелі ас үйдегі пышақты алып, отағасының кеуде тұсына сұғып алған. Алған ауыр жарақаттан ер адам ауруханға жеткізіледі. Ал, әйел тергеу кезінде өзінің кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде денсаулыққа ауыр зақым келтіргені үшін Балқаш тұрғынының бас бостандығына 3.5 жылға шектеу қойылды. Сондай-ақ, 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тағайындалды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login