Ленин көшесінің бойына орнатылған жол белгілері елдің наразылығын тудыруда. Басты жолдағы көлікке жол беру керектігін білдіретін белгілер әр жер үйдің ауласына қойылған. Мұны көрген балқаштықтар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуде.
Жол берде, оңға бұрыл, деген ережені білдіретін мына белгілері әр жер үйден шыға беріс жолға қойылған. Қазір Ленин көшесінің бойында қаптап тұр. Ал тұрғындар оның көптігіне наразылық танытуда. Тіпті видео түсіріп, әлеуметтік желіге де жүктеген.
Біз мәселенің мән-жайын білмек болып жол ережесін 5 саусағындай білетін полицейлерге жүгіндік. Тәртіп сақшыларының айтуынша бәрі заңды. Себебі белгі болмаса, ереже бұзғандары жазалауға құқықтары жоқ.
Жанболат Ақашов-Әкімшілік полиция бөлімінің мемлекеттік аға автоинспекторы
«егер белгіні қоймасаң, мына жерден шопыр бұрылып кетеді. Оған ешкім ештеңе айта алмайды. Сол себептен мынандай знактар қойылған. Заңа сай және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қойылған.
Полицейлердің сөзін тәуелсіз сарапшылар да растап отыр. Оса атпен белгілі автомобилистер қоғамдық одағының басшысы бұл жағдайды былай деп түсіндірді.
Руслан Лазута – автомобилистер қоғамдық одағының төрағасы
Ешкім жайдан-жай жол белгілерін қоя бермейді. Әр белгінің артында арнайы штамп бар. Негізінен жол белгісін әкімдік полицейлердің келісімімен орнатады.
Ленин көшесіне жаңа жол белгілерін қою туралы жоба 2012 жылы бекітілген. Жаңа асфальт төселісімен, оларды орнату қолға алынды. Жалпы 3км созылатын қаланың ең ұзын көшесіне 170жол белгісі қойылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login