Көлікті мас күйінде жүргізген балқаш тұрғыны 20 тәулікке қамалды. Оған қоса көлік иесінде жүргізуші куәлігі болмаған. Полицейлер заң бұзушы азаматты таңғы 4-тер шамасында қолға түсіріпті. Жеңіл көлік иесі өзінің алкогольдік ішімдікке масайғанына қарамастан, көлікті тізгіндеп, қаланың орталық көшесінде жүрген. Тексеріс барысында, оның осы уақытқа дейін мүлдем жүргізушілік куәлігін алмағаны да белгілі болды. Кейін жас жігіт автомобильді енді ғана сатып алғанын, құжат жасатып үлгермегінен айтып ақталды.
Балқашта жұмыскерлердің жалақысын уақытылы төлемеген мекемеге айыппұл салынды. Кәсіпорын қол астындағы 10-ға жуық қызметкердің еңбекақысын кешіктіріп келген. Анықталғандай, осы жылдың жазында облыстық еңбек инспекциясы өндіріс орнының аймағында тексеріс жүргізген. Сол кезде, мекеме қызметкерлері жалақыларын уақытылы алмайтынын айтып шағымданған. Сот заң тармақтарына сай айыпталушыға 160 мың теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, қызметкерлердің тиесілі жалақысын төлеуге міндеттеді.
Орталық жылу жүйесі жарылып, бірнеше үй жылусыз қалды. 1,2,3 мөлтек аудандарда үйдегі батареялардың қызуы төмендеді. Ал апат осыдан 10 күн бұрын Қадыржанов көшесінің бойында болған. Мамандардың айтуынша магистаралды желі осыдан 6 жыл бұрын ауыстырылған екен. Алайда, 15 жылға төтеп беруі тиіс материал жер асты суының кесірінен мерзімінен ерте шіріген. Коммуналшылар екі жерге 15 метр жаңа құбыр салып, апаттың көзін жойды.
Балқашта қоқыс жәшіктерін жөндеу басталды. Балқаш Универсал мекемесі 360 контейнерді сырлап, қайта жаңалауға көшті.
Балқаштық полицейлер үш айдың ішінде 2,5 мыңнан аса бұзақылық фактісін анықтаған. Қаламызда тұрғындардың тәртібін бақылау мақсатында ұйымдастырылған рейд аяқталды. «Бөлімше» атты профилактикалық шара барысында 50 тәртіп сақшысы 27 мыңға жуық пәтер және 3 мың жер үй мен саяжайларды аралаған.
Балқаштық тәріп сақшыларына бейнежетон берілді. Құрылғы жұмыс күні басталғаннан, аяқталғанға дейін қосулы тұрады. Жол тәртібін бұзғандарды видеоға түсіріп, барлық айтылған сөзді жазып отырады. Кейін мәліметтің барлығы тікелей ІІМ базасына жіберіледі.
Желтоқсан айы – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып айлардың бірі болып саналады.Себебі,бұл айда мереке күндері көп, атап өтетін болсақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні болса, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні сондай ақ әлем халықтарының асыға күтіп тойлайтын ең қызықты мейрамдарының бірі –Жаңа жыл. Олардың кейбірі демалыс күндеріне түсіп, ел тұрғындарына қосымша демалыс сыйлайды. Ал Балқаштықтардың сүйікті мерекелері қандай екен?
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login