Қазақмыс Смэлтинг компаниясына жарты млн теңге айыппұл салынды

Қазақмыс Смэлтинг компаниясына жарты млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын қауіпті қалдықтарды дер кезінде жоймаған. Биыл қыркүйек айында облыстық прокуратура Балқаш мыс зауытына тексеріс жүргізіп, бірқатар ереже бұзушылықты анықтаған. Зауыттың аймағында 2 тонна пайдаланған май,  істен шыққан 2 тоннаға жуық дөңгелек, және краска мен лактан қалған 300 кг ыдыс сырты табылған. Бұл қалдықтардың барлығы жарты жылдан астам уақыт кәсіпорын аймағында жатқан. Ал заң бойынша сақтау мерзімі 6 айдан аспау қажет. Дер кезінде утилизацияға жіберу керек. Сот отырысында компания өкілі өз кінәсін мойындамаған. Кейін, заңды бұзғанын мойындап, ақталған. Нәтижесінде сот Казахмыс Смэлтинг кәсіпорнын кінәлі деп тауып, 500 мың теңге айыппұл салды.

Динара Бапаева –мамандандырылған әкімшілік соттың кеңсе меңгерушісі:

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қамтылған талаптарды бұзғаны анықталды. Кәсіп орындағы қауіпті қалдықтар жойылмай оларды үшінші тараптарға қайта өңдеуге жібермегені анықталды. Сот қаулысымен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 829 бабының қағидасына сәйкес 30 пайыз жеңілдікпен  589 мың 225 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Аталған мекемемен әкімшілік айыппұл толық өндірілді.»

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login