Балқаш жаңалықтары 04.12.2018

  1. Жаңа жылдан бастап қазақстандық түлектер ҰБТ жылына 4 рет тапсырады. Нақтылап айта кетсек қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Қазір 15-20 қаңтар аралығында  өтетін сынаққа өтініш қабылдау басталды. Ол 15 желтоқсанға дейін созылады. Оған 11 сынып оқушылары, шектік бал жинай алмаған мектеп бітірген түлектер, колледж бітірушілер, шартты түрде ЖОО қабылданғандар және шығармашылық мамандықты таңдағандар қатыса алады.
  2. Балқаштық еңбек ардагеріне жомарт жандар қоларба сыйлады. Денсаулық сақтау кәсіподағының қызметкерлері Әділқадыр Жақыпбаевты қуанышқа бөледі.  Қарт  көп жылдар бойы ауруханада қызмет еткен, қазір зейнет демалысында.
  3. Балқаштың орталық көшесінде «Рухани жаңғырудың» символы пайда болды. Жаңа архитектуралық нысан Ленин көшесінің бойындағы ескі билбордтың орнына қойылды. Бұл жергілікті кәсіпкердің  қалаға деген сыйы.
  4. Балқашта су құстарын аулау мерзімі аяқталды. Аңшыларда үйрек, қаз, қасқалдақ атып алуға 3 ай уақыт берілген болатын. Бұл маусым 1 қыркүйектен басталған еді. Сол уақыттан бері «Ақ сұңқар» қоғамы аңшыларға 380 жолдама берген. Нәтижесінде 9300 үйрек, 900 қаз және 1500 қасқалдақ ауланған. Аңшылық мерзімінің жабылуына байланысты, енді бұл құстарды келесі жылға дейін атуға рұқсат жоқ.
  5. Астана–Алматы супермарафонының қатысушылары Балқаш қаласынан жүгіріп өтті. Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарыс 30 қараша күні Елордадан бастау алған.
  6. Өткен мереке күндері Балқашта балалар арасында футбол және үстел тенисінен қалалық біріншілік өтті. Жеңімпаздарды анықтау екі күнге созылды.
  7. Балқашта волейболды ең мықты ойнайтын мектеп командасы анықталды. Екі апта бойы оқу орындарынан жиналған 15 команда финалға шығуға барын салды. Нәтижесінде қарсыластарынан озған 4 команда финлдық ойын өткізді.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login