1985 жылы Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры ашылды, онда барлық қойылымдар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде ойналады;
1994 жылы Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиеті күндері өтті;
2007 жылы Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қабдоловтың мұражайы ашылды;
2014 жылыАлматыда Қазақ спорт және туризм академиясында Шоқан Уәлиханов атындағы туризм академиясы ашылды.
— 1802 жылы неміс жазушысы-ертегіші Вильгельм Гауф дүниеге келді («Кішкентай Мук», «Ергежейлі Мұрын»);
— 1899 жылы италиялық көп жасаған кісі Эмма Морано дүниеге келді. Ол 2016 жылдың 12 мамырынан бастап 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін Жердің ең қарт тұрғыны атанды;
— 1930 жылы кеңестік және ресейлік актриса, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2001) Нина Гребешкова дүниеге келді. («Бриллиантовая рука», «Не может быть!», «Спортлото 82» фильмдері);
— 1966 жылы ресейлік театр мен кино актері Евгений Миронов дүниеге келді. («Жена керосинщика», «Утомленные солнцем», «Охота на пиранью», «Охотники за бриллиантами» фильмдері).
— 1909 жылы медицина ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Естөре Оразақов дүниеге келді;
1948 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді;
— 1960 жылы Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі (2014 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2015 жылдан бастап) Дулат Қуанышев дүниеге келді;
— 1971 жылы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов дүниеге келді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login