Балқашта тиісті құжатсыз алкоголь өнімін сатқан 3 дүкенге айыппұл салынды. Енді әрқайсы 120 мың теңге төлейді. Салық басқармасының мамандары соңғы екі айда ішімдікті заңсыз сатып отырған 3 дүкен иесін анықтаған. Бекітілген ереже бойынша барлық алкогольдік өнімдер тіркелген және құжаты болуы тиіс. Соңғысы 5 жыл бойы сақталуы қажет. Жалпы жыл басынан бері тиісті құжатсыз алкаголь сатқан 13 дүкен иесі жазаланған
Балқашта аулаларды аббаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 8 алаң қайта қалпына келтірілді. Асфальт төселіп, жарық тартылды. Енді сәкілерді орнату, қоқыс жәшіктерін қою секілді жұмыстар қалды.
Қарағанды облысы несиесі көп облыстардың ішінде үшінші орында. Биыл орталық өңірдің тұрғындары банктерден 426 млрд теңге қарыз алған. Ал жалпы есептейтін болсақ онда 2018 жылы қазақстандықтар 10 трлн теңге несие рәсімдеген. Ұлттық банктың мәліметі бойынша бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп.
Балқашта мұздан жасалған мүсіндер байқауы басталды. Оған ниеті бар кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін бар болғаны 11 желтоқсанға дейін мәдениет бөліміне өтініш берсе жеткілікті. Мұз қалашығы мәдениет сарайында артына орналасады. Лабиринт, мүсін секілді түрлі дүниелерді жасауға болады. егер ауа-райы қолайсыз болса, мұздың орнына металл немесе ағашты қолдануға рұқсат. Үздік жұмысты қазылар алқасы таңдайды.
Қала әкімінің қаржылай грантын ұтып алуға бар болғаны 3 күн қалды. 30 қараша күні өтініш қабылдайтын соңғы күн. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қала әкімінің грантына байқау жарияланғанын еске сала кетсек. Бизнес бастауға, дамытуға қаржылай сый ұтып алуға мүмкіндік бар. Жеңімпаздар 6 желтоқсан күні өтетін жастар форумында марапатталады. Айта кетерлігі, Гүлшат, Саяқ кентінің жастары да қала әкімінің грантына үміткер бола алады.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login