53 898 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 31 жыл, жеңіс күніне 78 жыл толып отыр.Мерекеге орай қаламыздағы авиациялық оқу-жаттығу орталығында ауқымды түрде шара аталып өтілді.

Мерекелік күнмен құттықтауға қала әкімі Қайрат Қамзин, әскери қызмет атқарып кеткен ардагерлер және әскери қызметшілердің жанұясы да қуанышты сәтті бөлісуге келді. Сондай-ақ, болашақта әуе қорғанысында қызмет етемін деген мектеп оқушыларына көрме ұйымдастырылды.

Айтып өту керек, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты – авиация мамандарын даярлайтын Орта Азиядағы жалғыз әскери жоғары оқу орны. Болашақ әскери ұшқыштардың арасында тіпті көрші елден келіп, 3 ай бойы дәл осы Балқаш қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығында жауынгерлік ұшақтарда тәжірибесін шыңдай түседі. Курсанттар пилотаж, топпен ұшу, әуе нысанасын ұстап алу, әуеде фототүсірілім қабілетіне ие болып, байланыс құралдары және объективті бақылау орнатылған Л-39 жетілдірілген нұсқасымен ұшуда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login