«Наурыз мейрамы — 2023»  аясындағы іс-шаралар

18 наурыз

Сағат 08.00 «Наурыз ырысы» мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі

Язев көшесі

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»

Сағат 10.00 Жасөспірімдер арасында футбол

«Металлург» стадионы

Сағат 10.00 Қыздар арасында волейбол

Қоңырат шағынауданындағы

спорт кешені

Сағат 11.00 «Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» концерті

М. Хамзин атындағы мәдениет сарайының

алдыңғы алаңы

20 наурыз  – «Жоралғы» күні

Сағат 16.00 Қала ардагерлері мен жастарының қатысуымен «Отбасылық салт-дәстүр» байқауы:

Ақсақалдар арасында ежелгі бата беру дәстүрін жақсы білуге арналған «Ақ бата» байқауы;

Енелер мен келіндер арасындағы  ұлттық отбасы дәстүрін, Наурыз көже дайындауға арналған «Көрегенді ене мен инабатты келін» байқауы.

М. Хамзин атындағы мәдениет сарайы

21 наурыз – «Наурыз – шаттық мерекесі»

Сағат 15.00 Қаланың шығармашылық тұлғаларының қатысуымен Көшпелі өркениет фестивалі

М М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының

артындағы  бас сахна

Сағат 18.00  Алтыбақандардың маңындағы «Наурызнама», «Ұйқы ашар», «Селт еткізер» ұлттық жастар ойындары

Сағат 20.00  Жастар би кеші

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының

артындағы «Жастар»  сквері

22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні»

Сағат 09.00-дан бастап  «Наурыз ырысы» атты мерекелік сауда-саттық  

Сағат 11.00 бастап Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, суретшілер, ағаш ұсталары, зергерлер жұмыстарының «Шеберлер ауылы» көрмесі

Сағат 11.15 «Көш керуен» атты театрландырылған мерекелік шеру

(Шеру қатысушылары «Тәуелсіздік» алаңына жиналады. Шеру  Уәлиханов, Байсейітова көшелерімен төмен қарай жүріп,  Желтоқсан көшесі бойымен М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының артқы алаңындағы «Жастар»  скверіне кіреді).

Сағат 13.00 «Ұлыстың ұлы шаңырағы» атты киіз үйлер көрме-байқауы

Сағат 13.00 Тұрғындарға тайқазандарда бауырсақтар,  наурыз көже, палау таратуға арналған қала кәсіпкерлері арасындағы «Наурыз дәмі» фестивалі

Сағат 13.30 Балаларға арналған алып қуыршақтар мен клоундардың қатысуымен «Көктем дүрбелеңі» ойын-сауық бағдарламасы;

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының

артындағы «Жастар»  сквері

Сағат 12.00  «Наурыз. Қазақстан. Жаңару!» атты қала әкімінің құттықтауымен театрландырылған қойылым

Сағат 12.30   Мәдени-сауық орталығы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт

Сағат 13.00 «Наурызға көрік берген  ұлттық сән» атты ұлттық костюмдер байқауы

Сағат 14.00 «Қой көтеру» ұлттық спорттық сайыс

Сағат 15.00 Қазақтың ежелгі тазы және төбет тұқымдас иттерінің «Жеті қазына» көрме-байқауы

Сағат 16.00 Білім мекемелерінің қатысуымен «Мерекелі өлкенің Наурызы» атты фестиваль

Сағат 17.00 Байқаулар мен фестивальдар қатысушыларын марапаттау рәсімі

Сағат 18.00 Колледждер арасында «Көңілді көктем» студент жастар фестивалі

Сағат 19.00 МСО шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Төрлет, берекелі, мерекелі, жыл басы!» атты кешкі мерекелік концерт

Сағат 20.00  «Наурыз думан» кешкі жастар би кеші мен шоу-бағдарламасы

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының

артындағы бас сахна

Сағат 13.00 «Ұлы Дала тарланы» байқауы («Арқан тартыс», «Тоғызқұмалақ», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Қой көтеру», «Қол күресі», «Асық ату», «Кір көтеру»,  «Қазақша күрес»)

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының

артындағы футбол алаңы

22 наурыз

Сағат 11.00  Қоңырат шағынауданында «Наурыз мейрамы – 2023» мерекелік халықтық серуені:

«Қош келдің, әз Наурыз!» Қоңырат  шағынауданы мектептерінің қатысуымен мерекелік концерт;

Ұлттық ойындар бойынша спорттық сайыстар («Арқан тартыс», «Қол күресі», «Асық ату», «Кір көтеру»,  «Қазақша күрес»)

Қоңырат ш.а. саябағы

23 наурыз

Сағат 10.00 Қала ардагерлері арасында шағын футболдан қала біріншілігі                                   

Дене шынықтыру – сауықтыру кешені

Сағат 10.00 Ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен қалалық турнир

 «Металлург» спорт кешенінің спорт залы

25 наурыз

  Сағат 10.00  Ерлер мен әйелдер арасындағы пауэрлифтингтен қала біріншілігі

 «Батыр Жим» СК жаттығу залы

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login