Қаламыздағы тұрғын үйлердің біріне ұлттық үлгідегі жарықтандыру иллюминациясы орнатылды

Шашубай ықшам ауданындағы 4 үйге ою-өрнек үлгісіндегі декоративті жарықтандыруды «EJ-ART» ЖШС сыйға тартқан. Мамандар қаламызға ерекше көрік беріп тұрған бұл дизайнды осыдан бір апта бұрын орнатқан. Еске сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай қаланы безендіру мақсатында жергілікті әкімдік аталмыш ұйыммен келісім шарт жасаған еді. Нәтижесінде Уалиханов көшесінің бойындағы аллеяға металл аркалар мен орталық саябаққа «Сақ» үлгісіндегі шамдар орнатылды. Қалалық ТКШ бөлімі қаламыздың сәулеттік келбетін көркейту мақсатындағы жұмысын жалғастырмақ.

Ескендір Қабидулла- Балқаш қ. ТКШ бөлімі басшысы

🗣«Ұлттық үлгідегі жарықтандыру иллюминациясы тұрғындарға өте қатты ұнады. Орнатылған күні көптеген тұрғындар өздерінің жақсы пікірлерін білдірді. Осыған байланысты қаламыздың сәулеттік көрінісін әсемдету барысында жұмысымызды әрі қарай жалғастыратын боламыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login