Соңғы үш жылда Қарағанды облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілер саны 28%-ға қысқарды

Білім басқармасының мәліметінше, алты мамандандырылған мекеме жабылды.
2019 жылы Теміртау мен Балқаштағы балалар үйлері жұмысын тоқтатты.

Бір жылдан кейін Литвинская мектеп-интернаты жабылды. 2021 жылы «Құлыншақ» балалар үйі мен Қарағандыдағы Үміт үйі, сондай-ақ Жезқазғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен М.Құлышева атындағы балалар үйі өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына айналды.

– Осы уақыт ішінде 313 тәрбиеленуші белгілі бір отбасыларға орналастырылды. 166 адам патронаттық тәрбиеге, 81-і қамқорлыққа, 15-і отбасы үлгісіндегі балалар үйіне, 16-сы асырап алынды, 35 бала туған отбасына қайтарылды, – деп хабарлады білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

2016 жылдан бастап «Әсем» және «Таңшолпан» балалар үйлерінде «Тәлімгерлер» жобасы жұмыс істейді. Бұл 40 оқушыға өз тәлімгерлерін табуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде алты бала кураторлар отбасында тәрбиеленуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login