Карантин шараларын одан әрі жеңілдету туралы шешім

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қарағанды облысы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі Қаулысын басшылыққа ала отырып облыста карантин шараларын одан әрі жеңілдету туралы шешім қабылданды, атап айтқанда:

ашық ауадағы және үй-жайларындағы қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне залда 50 отыру орындарынан асырмай, сонымен бірге сауда-ойын-сауық орталықтарында тек қана бөлек үй-жайларында орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысандарын  толтырылуын 30% асырмастан, 1 келушіге 4 шаршы метрден, және қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимдері сағ. 24-00 дейін анықтай отырып, әлі де болса адамдар жаппай қатысатын іс-шараларға, отбасылық, еске алу, салтанатты, оның ішінде үйде өткізілетін басқа да шараларға тыйым салынған;

сонымен қатар ашық ауадағы кинотеатрларға;

  театрларға, толтырылуын 50% асырмастан, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеу арқылы, бетперде режимін және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып;

штаттық кестесі 30 қызметшіден асатын мемлекеттік органдарға (ұйымдарға, кәсіпорындарға), квазимемлекеттік сектор органдарына, ұлттық компанияларға, басқа да ұйымдарға, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің 50% кем емес қызметшілері жұмысты қашықтықтан істеуі тиіс;

 балалар кабинеттеріне/түзету (коррекция) орталықтарына, балалар және ересектерге арналған білім орталықтарына, топтың толықтырылуы 5-тен 15 адамға дейін көбейтілді, алдын ала жазылу арқылы жұмыс істеулеріне рұқсат етіледі.

Бұдан басқа, азық-түлік супермаркеттері мен дүкендердің, сонымен бірге қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс режимі – сағ. 24-00 дейін; бизнес орталықтары сағ. 18-00 дейін жұмыс істейді.

Осы ретте, өз қызметін бастаған барлық нысандар үшін келушілерге, персоналға термометрия жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын қолдану, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндеті қалып отыр, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту қажет.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары қалдырылады:

атап айтқанда, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сонымен бірге азық-түліктік емес және азық-түлік жабық базарларының  жұмыстары тоқтатылады.

Демалыс күндері сән салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметология қызметін көрсетуші объектілер;

фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары;

бассейндер, тренажер залдары, спорт кешендері;

монша, сауналар,

ашық ауадағы аттракциондар демалыс күндері жұмыстарын жалғастырады.

Келесі:

ойын-сауық мекемелерінің, атап айтқанда караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайларында орналасқан балалардың ойын алаңдарының және аттракциондардың, батут, кинотеатрлардың (ашық ауада орналасқан кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің жұмыстарына әлі де тыйым салынған. 

Құрметті облыс тұрғындары!

Шектеу шараларының жеңілдетілуіне қарамастан әрқайсымыз қатаң түрде санитарлық шараларды сақтауымыз қажет.

Адамдар жаппай жиналатын орындарда маска киіңіздер, әлеуметтік қашықтықты сақтап, респираторлық ауру белгілері, жөтелетін, тұмауратқан адамдармен қарым-қатынасты шектеңіздер.

Қоғамдық орындарда антисептиктерді қолданыңыздар, үй-пәтерлерді жиі желдетіңіздер.

Егер өзіңізден ауру белгілерін, температураны байқасаңыздар, өз бетімен емделуден аулақ болыңыздар, дәрігерлердің көмегіне жүгініңіздер, уақтылы ем қабылдау тез сауығу мен жақындарыңызды ауруды жұқтырудан қорғауға кепіл болады!  

Назарларыңызға рақмет!

Серік Сықпабаев, Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login