Бүгін таңертең Ленин көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бүгін таңертең Ленин көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 56 жастағы әйел көз жұмды. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында қатты жылдамдықпен келе жатып, көлігін тоқтатуға үлгермей қалған. Жүргізушінің айтуынша, ол күн сәулесінің әсерінен жаяу жүргіншіні байқамай қалады. Жапа шеккен әйел бірден қаламыздың орталық ауруханасына жеткізіліп, жүрегі тоқтап, есін жимастан қайтыс болды. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ендігі кезекте, іс сотқа тапсырылады.

Қайырбек Рахимбеков, Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 345- бабы бойынша, «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы», 3-тармағы бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті» үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login