Балқаш көлінде баласын құтқармақ болған ер адам суға кетті

Балқаш көлінде баласын құтқармақ болған ер адам суға кетті. Қайғылы жағдай кеше Приозерск қаласынан 5 шақырым жерде болған. 2009 жылы туған бала үрмелі матраста жағадан алысқа жүзіп кетіп, өз бетінше қайта алмай қалады. Баланың әкесі құтқарушыларды күтпестен көмекке асығады. Бірақ балаға жете алмастан, өзі суға батқан. Құтқарушылар баланы аман-есен судан алып шықты. Ал суға кеткен әкесінің денесі бүгін таңертең жағалаудан 350 метр қашықтықтан табылды. Осы орайда облыстық ТЖД мамандары су айдындарында балаларды көзден таса қалдырмау керектігін ескертеді.

Жанна Дәуренбекова — Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі

«Оқиға орнына келген Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары жағадан 850 м қашықтықта кеткен баланы құтқарып, баланың әкесін іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін жалғасып, 13 тамызда таңертен қайта жалғасты. Суға батқан адамның денесін құтқарушылар бүгін тапты».
🗣

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login