Бүгіннен бастап карантин кезінде табысынан айырылуына байланысты төленетін 42 500 теңге алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл жолы белгілі бір уақытқа дейін өтініш беріп үлгеру керек деген шектеулер жоқ. Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ өтініштерді 1 қыркүйекке дейін қабылдай бермек.
Біржан Нұрымбетов – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі
«Жалдамалы жұмыскерлерге егерде осы шектеулерге қатысты ақысыз демалысқа жіберілген болса. Бұл жерде өтінішті тек жұмыс берушісі береді. Кешеден бері сұрақтар болып жатыр егер мен жұмыстан шығып кеткен болсам, не болмаса мені шығарып жіберсе маған жұмыс беруші қалай береді деп, ол жағы әрине жұмыс беруші сіз үшін өтініш бере алмайды»
Осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс берушінің өзі ұсыныс беретін болды. Алайда, жұмыс берушілер де толығымен тексерістен өтетін болады.
Әділет Нұрахметолла — «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» сектор меңгерушісі
«Жұмыс беруші өтінімді жұмыскерлер тізімімен enbek.kz сайты арқылы бере алады немесе egov.kz арқылы ЭЦҚ растау арқылы жұмыскерлердің тізімін салып сол арқылы өтінім береді. Егер де жұмыс беруші жұмыскері үшін өтінім бермеген жағдайда жұмыскер Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасына жүгіне алады. Осы әлеуметтік төлем бойынша сұрақтарыңыз болатын болса сенім телефондарына хабарласа аласыздар».
Сенім телефоны 8 777 073 06 59
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге қаржылай көмекті, кімдер ала алмайтынын да жеткізді. Біріншіден мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек, жалақы секілді төлем алып жүргендер 42500 теңге алмайды. Өйткені олар тіркелмей жұмыс жасағандар қатарына жатпайды», — дейді Нұрымбетов.
Біржан Нұрымбетов – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі
«Осы күнге дейін еш жерде тіркеуде болмай,ресми жұмыс істемей, өткенде бейресми істедім деп өткенде бір рет қана ЕСП төлеген студенттер 42 500 тг ала алмайды. Бала 1 жасқа толғанша мемлекеттен жәрдемақы немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді, сондықтан 1 жасқа толғанша 42 500 тг-ге үміттене алмайды».
Азаматтар келесі ресурстар арқылы өтініш бере алады: «Электрондық үкімет» веб-порталы; 42500.enbek.kz порталы; «Электрондық үкіметтің» Telegram-боты және т.б қосымшалар.
Азаматтар келесі ресурстар арқылы өтініш бере алады:
⠀— «Электрондық үкімет» веб-порталы — egov.kz;
42500.enbek.kz порталы;
«Электрондық үкіметтің» Telegram-боты;
Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары. https://t.me/Karagandy42500Bot
Біржан Нұрымбетов – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі
«Егер де сізде қашықтықтан жұмыс істеп жатса, жалақысын төлеп немесе толық емес режимде жұмыс істеп жүрсе жалақысын алып, я болмаса Еңбек заңдылығы бойынша мәжбүрлі тоқтатып соған, Еңбек заңдылығы бойынша жалақысын төлеп жатсаңыз ондай азаматтарды сіз өтінішке қоса алмайсыз, тек қана ақысыз демалысқа жіберген қызметкерлерді қосасыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login