7 шілдеден бастап, халыққа қызмет көрсету орталығы алдын ала жазылу арқылы жұмыс істейтін болады

7 шілдеден бастап, қаламызда халыққа қызмет көрсету орталығы алдын ала жазылу арқылы жұмыс істейтін болады. Барлығы тұрғындардың денсаулығы үшін. Айта кететін жайт, алдын ала жазылмай, кезекке тұру арқылы қызмет алуға мүмкіндігі бар азаматтар: барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Естеріңізге салсақ, қызметтің 80 пайызын үйден шықпай-ақ егов.кз электронды портал арқылы алуға болады.

Бағдат Жакупбекова – Халыққа қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша Балқаш қ. филиалының бөлім басшысы:

«Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары! Індеттің таралуын болдырмау мақсатында, азаматтардың көптеп жиналмауы үшін халыққа қызмет көрсету орталығы 7 шілдеден бастап алдын ала жазылу арқылы ғана жұмыс істейтін болады. Алдын ала жазылу колл-орталық нөмірі 1414, телеграм бот және егов.кз сайты арқылы жүргізіледі».

Кейбір, атап айтқанда, зейнетақыны рәсімдеу, жәрдемақы алу секілді қызметтерге азаматтардың барлық құжаттары мұқият тексеріледі. Сондықтан да, біраз уақыт алуы мүмкін. Қазіргі уақытта, мекемеде 10-ға жуық қызметкер жұмыс істеуде.

Телеграм-бот
EgovKzBot2.0

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login