Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!
Балқаш қаласында 2020 жылдың 12 маусымында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді. Науқастар — қала тұрғындары, 1961, 1964, 1973 және 1990 жылдары туған 4 ер адам және 1970 мен 1979 жылдары туған 2 әйел адам. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмонияның клиникалық белгілерінің болуына байланысты өздері медициналық көмекке жүгінген. Науқастардың үшеуі — Қазақмыс корпорациясының қызметкерлері, Жамбыл облысының «Шатыркөл» кенішінің вахта жұмысшылары,үшеуі — қалалық кәсіпорындардың қызметкері. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды.Жақын байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ошақтарда профилактикалық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.
Балқаш қаласында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы юойыншақалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 19-қ «Балқаш қаласының аумағында карантин және карантин шараларын одан әрі жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.:
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерден саналық танытуды және сыртқы байланыстарды мүмкіндігінше болдырмауларыңызды сұраймын: адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, ерекше қажетсіз далаға шықпаңыздар. Қала аумағындағы нысандарда, қоғамдық көліктерде, бетперде киіңіздер, қашықтықты сақтаңыздар!!! Үй карантиніңдегі қала тұрғындарыСіздер- көшеде жүру құқығынсыз оқшаулау режимін қатаң сақтауларыңыз қажет. Сіздер адамдарды жұқтыру қаупіне ұшыратасыздар.
Өзіңізді қорғаңыз, үйде қалыңыз!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login