Маңызды ақпарат

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!

Сіздерге Балқаш қаласының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы хабарлағым келеді.
Бүгінгі күні қалада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы 2 жағдайы тіркелді. Науқастар — қала тұрғындары, 1961 және 1964 жылдары туған 2 ер адам. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмонияның клиникалық белгілерінің болуына байланысты өздері медициналық көмекке жүгінген. Науқастар Қазақмыс корпорациясының қызметкерлері, Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің вахташылары. 15 мамыр мен 3 маусым аралығында Шатыркөл кенішінде коронавирустық инфекция тіркелген. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды. Жақын байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде
Осыған байланысты, құрметті Балқаштықтар, егер Сіздерде жедел респираторлы вирустық аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда — қызба, жөтел, мұрынның қышуы, әлсіздік, үйге жедел жәрдем шақыру керектігін ескертемін.
Бүгінгі таңда Балқаш қаласы бойынша 120 адам карантинде, оның ішінде тәулік бойы стационарлық медициналық бақылауда 11 адам, үй карантинінде 109 адам. Бұл азаматтар Балқаш қаласына еліміздің коронавирус инфекциясы тіркелген аймақтардан келген, КВИ-мен жақын және ықтимал байланыста болған адамдар, соның ішінде Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің вахталық қызметкерлері.

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерден саналық танытуды және сыртқы байланыстарды мүмкіндігінше болдырмауларыңызды сұраймын: адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, ерекше қажетсіз далаға шықпаңыздар. Қала аумағындағы нысандарға, қоғамдық көліктерге барғанда, бетперде киіңіздер, қашықтықты сақтаңыздар!!! Үй карантиніндегі қала тұрғындары — көшеде жүру құқығынсыз оқшаулау режимін қатаң сақтауларыңыз қажет. Сіздер адамдарды жұқтыру қаупіне ұшыратасыз.
Өзіңізді қорғаңыз, үйде қалыңыз!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login