Ертеңнен бастап қалааралық автобустардың жұмысы жанданады

Ертеңнен бастап қалааралық автобустардың жұмысы жанданады. Қазір Балқаш автобекетінен аттанатын автобустарға билет сатылымы басталды. Тек Қордай бағытына билет бағытына автобус әлі қатынамайды, себебі аталған өңір карантинде. Автобекет қызметі  пен автобустардың жүру кестесі, сондай-ақ, билет бағасы өзгеріссіз қалды. Автобус жүргізушілері мен жолаушыларда қорғаныс құралдары-антисептик пен бетперде болуы міндетті. Үш ай бойы карантинде болған қалааралық автобустар алыс сапарға шықпас бұрын, жүргізушілер арнайы медициналық тексерістен өтіп, көлік ішін санитарлық талапқа сай дайындады. Автобекен мамандарына қояр сауалыңыз болса,  4-27-51 нөмірін терсеңіз болады.

Марат Оспанов,  Балқаш қаласы қалааралық  жолаушылар тасымалы ЖШС  директорының орынбасары.

«Жолаушылар тасымалы қызметі  штаттық режимде қайта басталды, бірақ  Қордай  бағыты  бойынша автобустардың жүру уақыты карантинге байланысты белгісіз. Автобекет барлық  дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бетпердесіз жолаушылар, автоусқа кірмейтінін ескертеміз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login