Шашубай кентінде үш қабатты үйдің балконы опырылып құлап түсті

Шашубай кентінде оқыс оқиға орын алды. Онда үш қабатты үйдің балконы опырылып құлап түсті. Соның салдарынан ері-зайыпты екі тұрғын зардап шекті. Олар оқиға орынынан дереу Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. 2-ші қабаттан құлаған 36 жастағы әйел адам кеуде қуысының соғылуы, шынтақ сүйегінің жабық сынығы және бет жарақаттарын алған. Сонымен қатар бас сүйек — ми зақымы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деңгейде деп бағалауда. Ал, ер адамның денсаулығы тұрақты ауыр жағдайда. Оның миы шайқалған, кеуде қуысынан алған ауыр соққыдан бауырына зақым келген. Қазір екі науқас та ем қабылдап жатыр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login