Кәсіпкерлік негізін оқы да, өз кәсібіңді ашуға грант ұтып ал

Балқашта «Бастау» жобасы бойынша қатысушыларды тіркеу басталды.  Бұл жолы 100 адам қамтылмақ. 21 күнге жоспарланған жоба, 10 маусым басталады.  басталады. Осы уақыт аралығында қатысушылар кәсіпті  бастауды, жүргізуді және бизнес жоспар құруды үйренеді. Өтініштер көпбалалы аналардан, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан, мүгедектерден, қоныс аударушылар және оралмандардан, табысы аз немесе көпбалалы отбасылардың мүшелерінен, NEET санатындағы жастардан қабылданады. Айта кетейік, биыл карантиндік шараларға байланысты  «Atameken Academy-сы» онлайн платформасы арқылы, қашықтықтан оқыту қарастырған.

Виктор Мунтян-«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджер кеңесшісі:

«Сұрақтар бойынша қатысушылар Шашубай 3Б мекенжайында орналасқан «Күлия» бизнес-орталығына немесе 43168 нөмірі арқылы хабарласса болады. Өтініштерді сонымен қатар атамекен.бастау.бизнес сайты арқылы онлайн түрде жіберуге болады».

Бизнестің қыр-сырын үйренгіңіз келсе жұмыспен қамту орталығына жеке бас куәлігінің көшірмесі мен оқудан өту туралы өтінішпен жүгіну қажет. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login