Облысымызда балалардың терезеден құлауы азаймай отыр. Күні кеше Сарышаған кентінде 4 жасар бала 5-ші қабаттан құлап кеткен. Өкінішке орай арты қазамен аяқталды. Кішкентай қыз ауруханаға жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Бұл осымен облысымыздағы 7-ші оқиға. Ойын баласы не түсінер, мұндай қайғылы жағдайға тап болмас үшін тұрғындар өздері үшін қам жасаса дейді, төтенше жағдай департаментінің мамандары.
Жанна Дәуренбекова — Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі
«Бұл облыста балалардың терезеден құлауы орын алған жетінші оқиға. Бұған дейін осындай оқиғалар қарағанды, Балқаш, теміртау, Жезқазған және Шахтинск қалаларында орын алған. Бірақ оларда балалар әртүрлі жарақаттар алған. Балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login