«Жас қанат» сауықтыру лагерінде күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Демалыс орынын абаттандыру мен жаңарту жұмыстарына 97 млн теңге бөлінген.
Жыл сайын тек ағымдағы жөндеуден өтетін сауықтыру кешені биыл күрделі жөндеу көруде. Бүгінде мердігерлер жұмысы қызу жүруде. Ескі жылыту құбырларын жаңасына ауыстыру жартылай аяқталып қалды. Сондай-ақ, сауықтыру кешенінің шатыры мен есік, терезесі ауысатын болады. Абаттандыру жұмыстары брусчатка төсеуден басталады. Ал, әзірге бұл маусымда оқушылардың Бектау-Ата шатқалына барып демалуы белгісіз болып отыр. Дей тұрғанмен лагерь басшылығы 250 балаға арналған орынды дайындап отыр.
Ольга Бубнова – Балқаш қ. білім бөлімінің бас бухгалтері
«Сауықтыру кешеніне қомақты қаржы бөлініп отыр. Шатырды ауыстыру, жарықтандыру, жуынуға арналған бөлмені жаңалау, жатақхана қасбеттерін жөндеу секілді жұмыстар жасалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login