Балқашта ВИЧ індетін жұқтырғандар саны артқан. Былтырғы мәліметте вирус 15 адамда анықталса, биылғы көрсеткіш алғашқы 4 айдың өзінде 13-ті көрсетіп отыр. Бір жылдың статистикасын сараласақ, ВИЧ індеті былтыр дәл осындай уақытта 4 адамнан анықталған. Яғни, биыл өсу қарқыны үш есеге артты деп, мамандар дабыл қағып отыр. Қатерлі дерттің құрығына іліккендер 19 бен 49 жас аралығын қамтиды. Вирус көбіне ер адамдарда расталған. Арасында жүкті әйел де бар. Аталған ауруды жұқтырудың басты себебі, есірткіні инъекциялық жолмен тұтынудан дейді, эпидемиолог.
Айгүл Батырбекова – эпидемиолог дәрігер
«Бұрыннан диспансерлік есепте 65 адам тұрған. Сондай қазір 65-ке 13-ті қоссақ 78 адам. Балқаш қаласы бойынша бізде инфекционист дәрігердің есебінде тұратын болады». «Жыныстық жолмен беріліп отыр және наша қолданатын адамдар. Көбінесе есірткі қолданатын адамдар. Бұл адамдардың жас шамасы 19-дан 49-ға дейін, нағыз еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олардың көбісі жұмыс жасамайды, арасында жұмыс жасайтындар 4-5 адам ғана, 13 адамның қалғаны жұмыс жасамайды. Ешқай жерде жұмыстары жоқ, нашақорлықпен айналысатын адамдар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login