Балқаш жастарын «Жасыл ел» жасағы шақырады. Жаз айларында 16 мен 29 жас аралығындағы 130 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Маусым айына өтініштер осы аптаның соңына дейін қабылдануда. Бүгінде 45 орын бос. Бұл орындарға мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жүрген азамматтар үміткер бола алады. Жасаққа мүше болу үшін жұмысқа орналасушы жастар ресурстық орталығына жеке куәлігін алып келсе жеткілікті. Жасыл ел жасағына қосылғандар қаланы аббаттандыру мен жасылдандыру жұмысын атқарады. Ал жалақы мөлшері 51 600 теңге.
Аңсаған Аманкелді — жастар ресурстық орталығының маманы:
«Бүгінгі күннен бастап жасыл ел еңбек жасақтарының қатарына құжаттар жинау жұмысы басталды. Құжаттарды мәдениет сарайында орналасқан рухани жаңғыру орталығына келіп тапсырса болады. Егерде сұрақтар болса байланыс телефоны 44711».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login