Балқашта бесінші қабаттан құлаған баланың беті бері қарады. Естеріңізге сала кетесек, осыдан он күн бұрын 3 жасар балқаштық биіктен құлап, реанимациядан бірақ шыққан болатын.
Ауруханаға ауыр халде жеткізілген баланың миына зақым келіп, жамбасы мен жағы сынған еді. Бүлдіршін бір аптадай жергілікті ақ халаттылардың бақылауында болды. Дәрігерлердің хабарлауынша кеше баланы облыстық клиникаға ауыстырған.
Қасым Өмірбеков – орталық аурухананың ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы:
«10 мамыр күні ұл бала өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 1 аптадан аса өкпенің жасанды вентиляциясымен реанимацияда жатты. 19 мамыр күні науқасты Қарағанды қаласындағы Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға ауыстырдық. Қалған ем-домын сол жақта жалғастыратын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login