Балқашта күніне жүз шақты жол жүру ережесін бұзушы анықталады. Бұл «Ekin PATROL» арнайы машинасының жұмысы. Дәл осындай автопатрульдер Қарағанды, Жезқазған және Республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс жасайды. Жылжымалы кешен патрульдеу және тұрақ кезінде жылдамдық режимін бұзуды тіркей алады. Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі.
Қайырбек Рахымбеков — Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының орынбасары
«Ekin PATROL» Балқаш қаласына 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Бұл «Ekin PATROL»-інде құқық бұзушылықтардың барлығы тоқтап тұрса да, жүріп келе жатса да тіркеле береді»
«Ekin PATROL»-дың айнала қоршаған 10 бейнекамерасы бар. Бұл құрылғы жол қозғалысы құқық бұзушылықтарының барлығын түсіріп тұрады. Әсіресе, жылдамдықтың артуын тоқтап тұрса да, жүріп келе жатса да тіркей береді. Тіпті көліктегі адамның түр-тұлғасын анықтайды. Өзіндегі ақпаратпен өзге көліктермен алмаса алады. Түсірілген факт құрылғыдан Бас прокуратура серверіне автоматты түрде жіберіледі. Онда материалдар өңдеуден өтіп, «Қазпошта» арқылы көлік иесіне жіберіледі.
Қайырбек Рахымбеков — Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының орынбасары
«Айыппұлды 1 аптаның ішінде 7 күннің ішінде төлейтін болса 50 пайыз жеңілдіктер болады. Ал егер 1 аптаның ішінде төлей алмайтын болса онда 30 күннің ішінде айыппұл толыққанды төлену керек болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login