Жол ережесін сақтамаған балқаштық 90 мыңнан аса айыппұл арқалады

Жол ережесін сақтамаған балқаштық 90 мыңнан аса айыппұл арқалады. Бұл видеоны жағалауда демалып отырған тұрғындар түсіріп жіберген. Жағажайдағылардың тынышын бұзған мына оқиға. Көріп отырғанымыздай жүргізуші көл жағалауына көлігімен өтіп кеткен. Құмнан жүре алмай қалған бір дөңгелегі суда, екіншісі топырақта қалған BMW –ға арнайы техниканың көмегі қажет болады.

Жол белгісін «байқамай қалдым» деген жүргізуші жазадан құтыла алмады. 33 айлық есептік көрсеткіш есебінде, 91 мың тг айыппұл арқалады. Көлік жүргізушісі жол жүру ережесінің бір емес үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Жол белгісін сақтамағаннан бөлек, жүргізушінің қалтасында тиісті құжаттары болмаған. Көліктің техникалық жағдайында ақау болған. BMW көл жағалауынан бірден айыппұл тұрағына жеткізілді. Бұл оқиғаның ертеңінде тұрғын өз көлігін айыппұл тұрағынан шығарып алды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login