Балқашта теміржол билеттерін сата бастады

Балқашта теміржол билеттерін сата бастады. 1 маусымнан бастап еліміздегі 2 кезеңдегі ішкі рейстер қайта жанданады. Бірінші кезеңде пойыздар Балқаштан Қарағандыға және Жезқазғанға жүреді. Ал екінші кезеңде, 10 маусымнан бастап еліміз бойынша 24 маршрутта жолаушылар қатынасы жанданады. Қаламыздағы теміржол пойызының кестесі еш өзгеріссіз қалады. Вокзал ғимаратына кірер алдында жолаушыларда медициналық маска болуы керек. Жолаушылардың дене температурасы өлшенеді. Пойыздардағы дезинфекциялық режим күшейеді. Ылғалды тазарту жұмыстары жиі жасалады. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысына шектеу енгізіледі. Белгілі болғандай, жолаушыларды шығарып салуға бірге ілесіп келген адамдар вокзал ғимаратына кіргізілмейді. Өзімен бірге жолға тамақ алуға рұқсат. Себепсіз сыртқа шығуға, жол бойындағы станцияларға түсуге болмайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login