30 жылдан аса суару жүйесін көрмеген Сәбитова ықшам ауданының құбырлары жаңалануда. Енді бұл ауданның жасыл желектері тіршілік нәрімен қамтылмақ.
Бүгінгі таңда «Балқаш Су» мекемесінің қызметкерлері кестеге сәйкес өз жұмыстарын жалғастыруда. Ендігі жалпы ұзындығы 550 метр, диаметрі 108 миллиметр құбыр салынған. Негізгі трассадан «Нұр Отан» ғимаратына дейін төселетін құбыр Сәбитова ықшам ауданының басым бөлігін қамтымақ. Участіктегі 70 пайыз жұмыс аяқталған. Мекеме өкілдерінің айтуынша бұл аумақтағы жұмыстар осы аптаның соңына дейін аяқталмақ.
Антон Тюрин – «Балқаш Су» КММ сорғы учаскесінің басшысы
«4 техника мен 8 адам жұмыс жасауда. Сәбитова ықшам ауданынан соң 64-ші орамның суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстарына көшеміз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login