ҚР-ның Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Балқашта болды

ҚР-ның Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Балқашта болды. Қарағанды-Балқаш тас жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Үкімет басшысы, жол-құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды. Ішкі туризмді, бірінші кезекте автомобиль көлігімен жүруді ыңғайлы етіп дамыту басымдыққа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, Премьер-Министр қаламыздағы жаңа тұрғын үй құрылысының барысын көрді. Асқар Мамин әуе айлағына да ат басын бұрды. Қаламыздағы негізгі өндіріс көзі Балқаш мыс балқыту зауытына да арнайы соғып, өндіріс процесімен, кәсіпорынның алдағы даму жоспарымен танысты.

Айрат Қарамурзин – Балқаш қ. әкімінің орынбасары

«Балқаш қаласында тұрғын-үй құрылысы бойынша жоспарлар көп, биылғы жылдың өзінде 2 көпқабатты үйді пайдалануға береміз. Сонымен қатар 6 жаңа үйдің құрылысы басталады. Халықты баспанамен қамтамасыз ету біздің басты мақсатымыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login