«Тілдер орталығы» онлайн тіл үйрену курсына шақырады

«Тілдер орталығы»  тіл үйренуге ниеті бар балқаштықтарлы үйден шықпай –ақ мемлекеттік және шет тілі-  ағылшын тілін меңгеруге шақырады. Жасы 22-ден асқан кез-келген тіл меңгеруші аптаның 5 күнінде 40 минутқа   ықшамдалып даярланған бағдарлама арқылы сабақтарды меңгереді.  Тіл мамандары  әр қатысушының жағдайын ескере келе, тыңдаушы материалды өзіне ыңғайлы уақытта оқып, тапсыра алатынын айтады. Арнайы оқу курсын тәмамдаған соң, тегін сертификат табысталады. Қосымша ақпарат алу үшін,  4-45-82 телефонын теріңіз.
Тел. 8 (710 36) 4 45 82

Айнұр Бәйімбетова – қазақ тілінің оқытушысы

«Тілдер орталығы» 11 мамырдан бастап ағылшын және қазақ тілдерін қашықтықтан оқыту курсына шақырады. Тегін өткізілетін курсқа қаламыздың ересек тұрғындары қатыса алады, яғни мектеп, колледж, ЖОО-ның студенттері қабылданбайтынын ескертеміз. Сабақ Google-classroom, ZOOM платформалары арқылы өтетін болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login