Балқаш тұрғыны карантин ережесіне бағынбағаны үшін айыппұл арқалауы мүмкін

Балқаштық тұрғын үй карантинін бұзды. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінде іс сотқа жіберілген. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 476 бабы, яғни төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін азаматты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алады немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салады. Естеріңізге сала кетейік, карантинге алынған әр азамат 14 күн бойы міндетті түрде үйде болып, тиісті талаптарды орындауы тиіс. Бүгінгі таңда Балқаш қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ. Ал 103 адам үй карантинінде отыр.

Виолетта Аманкулова – эпидемиолог дәрігер

«Бүгінгі таңда үй карантинін бұзған тұрғын анықталып отыр. Үй карантиніндегі азаматтарға айтарымыз, өз денсаулығына ғана емес, басқа да адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен қараса дейміз. Үйден сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Үй карантинінде отырудың да өзіндік нұсқауы бар. Үй ішінде бөлек болмеде болуы шарт, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін міндетті түрде маска тағуы тиіс. Гигиеналық талаптарды сақтауы қажет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login