Саяжай иелеріне рұқсатқағаз алудың жолы жеңілдеді

Саяжайға бару үшін рұқсатқағаз алудың жолы жеңілдеді. Рұқсатнаманы саяжай қоғамының өкілдері береді. Қоғам төрағалары бір саяжай үшін төрт рұқсатнама беруге құқылы. Бұған дейін жұмыс орнынан берілген рұқсат қағаздары да өз күшінде қалмақ. Бүгінде қаламыздағы 20 саяжай қоғамының бірлестігі тұрғындарға мың жарым анықтама беріп үлгерген. Әр анықтама алдымен қаламыздағы, одан соң облыстық базаға тіркеледі. Тіпті, саяжай учаскесіне құжатыңыз болмаса да рұқсатнама беріле бермек. Ал егер берілген мәліметтеріңіз дұрыс болмаса, кедергілер болуы мүмкін.

Әнуар Байымбетов – «Балқаш қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының м.а.

«Саяжай қоғамының төрағалары бізге 90 пайыздан аса рұқсатнамаға өтінім берді. Рұқсат қағазды алып, толтырып бізге кері қайтарды. Рұқсатнамаларды облысқа жібердік, олар пропуск.кз сайтына жіберетін болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login