Саяжайға барудың тәртібі түсіндірілді

Карантин талаптары жеңілдеді, енді балқаштықтарға саяжайға баруға болады. Алайда, санитариялық дәрігерлер жаңа ережелер жариялады. Бірінші кезекте міндетті түрде қорғаныш құралдарын пайдалану керек. Өзімен бірге маска, қолғап, антисептик болуы тиіс. Саяжай учаскесінде балаларымен қосқанда 5 адамға дейін жүре алады. Көршілеріне кіруге тыйым салынады. Су колонкасында кезекте 2 метр арақашықтықты сақтау қажет. Ең бастысы жеке гигиена тәртібін сақтап, қолды жиі жуған жөн.

Лена Батанаева – Балқаш қ. бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

«28 сәуір күнгі соңғы мәлімет бойынша қаламызда коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. Шектеу шаралары әлі де жалғасуда. Қала тұрғындарына бау-бақша жұмыстары үшін саяжайға баруға рұқсат. Алайда санитариялық жағдайларды қатаң сақтау қажет»
  1. Саяжайға кірерде міндетті түрде қорғаныш құралдары болу керек. Әр кез өзімен бірге маска, қолғап, антисептик болуы тиіс.
  2. Саяжай учаскесінде балаларымен қосқанда 5 адамға дейін жүре алады, яғни, бір отбасының мүшелері.
  3. Өз учаскесіне жақын тұрған саяжайға баруға болмайды, яғни, қорғаныш құралдарын пайдаланса да, көршілеріне кіруге тыйым салынады.
  4. Саяжай аумағынан тыс, су колонкасына барғанда қорғаныш құралдарын кию қажет.
  5. Саяжайшылар арасында 2 метр арақашықтықты сақтау.
  6. Жеке гигиена тәртібін сақтап, қолды жиі жуу қажет.

Сондай-ақ саяжайға бару үшін рұқсатнама қажет. Ол үшін саяжай қоғамдастығына немесе қалалық әкімдікке құжат өткізу керек немесе propusk.kz. сайты арқылы электронды түрде өтініш бере аласыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login