Шаһарымызда ағаштарды әктеу жұмыстары басталды

Шаһарымызда ағаштарды әктеу жұмыстары басталды. Қаланың барлық басты көшелеріндегі жасыл-желектер зиянкестерден қорғалатын болады. Өңдеу жұмыстары Ағыбай батыр көшесінен басталды. Одан соң Желтоқсан мен Ленин көшелеріндегі ағаштарға көшеді. Талдарды әктеу зиянкестермен күресіп қана қоймай, ыстық күнде өскіндерді күйік шалудан қорғайды. Сол себептен алдағы уақытта 35 мың түп ағаш әктелмек. Қаламыздың басты көшелерінің ақтау жұмысына жауапты «Горкомхоз» мамандарының айтуынша,2 тонна өнім дайын тұр. Ал, аулалардағы ағаштардың сылау жұмыстарымен пәтер иелерінің кооперативі айналысуы тиіс.

Мейрамғайша Дүйсембаева — «Горкомхоз» ЖШС жұмыскері

«Ағыбайдан бастадық мостыдан бері қарай төмен қарай, мынау Желтоқсанға дейін келдік. 10 адам, соны бітіріп Желтоқсаннан повороттан бері қарай бұрылдық, мынаны бүгін бітіреміз, оны бітірсек ары қарай жоғары қарай жүре береміз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login