Орталық аурухананың кіре берісіне дезинфекциялық тоннель орнатылды

Орталық аурухананың кіре берісіне дезинфекциялық тоннель орнатылды. Мұндағы қызметкерлер ауруханаға кірерде және жұмысынан қайтарда арнайы қоспасы бар су бүрку техникасынан өтеді. Тоннельдің құрылымы қарапайым. Ол дезинфекциялық бүріккішпен жабдықталған. Ерітінді киімнің қалпын құртпайды дейді оны әзірлеген жергілікті дәрігерлер. Қозғалыс датчигінің көмегімен тоннельдегі механизм бірден іске қосылады. Яғни, адам ішке енген бетте бүріккіш бірден себіледі. Өңдеу процесі 5 секундта жүзеге асады. Алдағы уақытта осындай залалсыздандыру жабдықтары жұқпалы аурулар бөлімшесі  мен туберкулез диспансеріне қойылмақ.

Асқар Махмутов – Балқаш қ. орталық аурухана директоры

«Өздеріңіз білетіндей, елімізде коронавирусты жұқтырған әрбір 5-ші адам ол медицина қызметкері. Вирустың алдын-алу мақсатында осы жабдықты орнаттық. Қызметкерлер жұмысқа кірерде және шығарда 5-6 секунд залалсыздандырудан өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login